Жаңалықтар
Бүгінге дейін мың жарым қатысушы жүгіруге тіркелді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Биыл үшінші рет өткелі отырған дәстүрлі марафон кең көлемде болады және үш мыңға жуық қатысушы бақ сынайды деп күтілуде. Бүгінге дейін Қазақстанның ірі қалалары - Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Көкшетаудан желаяқтар бұқаралық жүгіруге қатысуға өтінім берді.
Акцияға қалалық билік бастамашы болып отыр және ол облыс орталығын көгалдандыруға бағытталған, - деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Атырау қаласының әкімі Әлімұхаммед Құттұмұратұлының тапсырмасымен, кезекті жалпықалалық сенбілік қарсаңында тұрғындарға көшеттерді тегін беру ұйымдастырылады. Аталмыш акцияоблыс орталығын көгалдандыруға бағытталған және дәстүрге айналмақ.
№4 М Әуезов атындағы мектепте жасөспірім қыздар жүктілігінің алдын алуға бағытталған гинеколог мамандармен кездесу болып өтті. «Денсаулық -зор байлық» тақырыбында өткізілген кездесуге 8-11 сыныптың 88 қыз балалары қатынасты. Кездесу қонақтары – Аудандық емхананың гинеколог дәрігері Мерубаева Жамал Еркінжанқызы. Аудандық әйелдер емханасының отбасын жоспарлау кабинетінің жауапты психолог маманы Естебаева Алтынгүл Қалабайқызы.
21.01-25.01.2019 күні аралығында «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты апталық өтті. Апталықта өткізілетін ашық сабақтар мен ашық шаралар, қорытынды кештердің жоспарлары жасақталып, бекітілді.Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ұйымшылдықпен ашық сабақтар мен шараларды өткізді.
24 қаңтар күні №4 мектеп кітапханасында «Мектеп кітапханаларында көпшілік жұмыстарды жаңаша әдіс-тәсілдермен ұйымдастыру» атты мектеп кітапханашыларының аудандық семинары болып өтті. Семинарға аудан мектеп кітапханашылары, білім бөлімінің әдіскері І.Жақсылыққызы бастап келді.



















