№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер  ұйымына қабылдау салтанатының өтілуі туралы

Хабарлама

№4 мектеп бойынша «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымына  қабылдау мақсатында  жоспарға сәйкес оқушыларды ұйым мүшелігіне  тарту жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 98 оқушы (оның 47 –сі қыран, 51 – ұлан) ұйымға салтанатты түрде қабылданды. Салтанатты жиынға  мектеп директоры С.Е.Қабдрахманова, Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері  І.Сүйесінов, Нұр Отан партиясы, Жем бастауыш партия ұйымының хатшысы  А.Қабесова, Жем Ауылдық  округі әкімшілік аппаратының бас маманы, «Нұр Отан» партиясы мүшесі Досқалиев Сламғали, ардагер ұстаз С.Жәнекешова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нұржанова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Каримова қатынасты. Жиында «Жас Ұлан» ұйымы әнұраны шырқалып, ұйым туы салтанатты түрде кіргізілді. Шара барысында патриоттық әндер  шырқалып, «Жас Ұлан» ұйымы  мүшелерінің  қатысуымен концерттік  бағдарлама  дайындалды. Оқушылар Отан, Туған  жер туралы өлеңдер оқып өздерінің өз елін, жерін құрметтейтін патриот екендіктерін көрсете білді. Салтанатты жиында ұйымға қабылданушы 98 Жас Ұландықтар ант қабылдап,  оқуда алда, әрқашан үлгілі болуға  уәде етті. Жиынға қатынасушы қонақтар туымыз түстес  көгілдір галстук пен төсбелгіні  әр оқушыға салтанатты түрде  табыс етіп,  ұйымға қабылдады. Еңбек ардагері, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы І.Сүйесінов оқушыларды ұйымға  қабылдануымен құттықтап, жас өрендердің білім алу жолында  сәттілік тіледі.  «Нұр Отан» партиясы  мүшесі, Жем селолық  округі  әкімшілігі аппаратының бас маманы С.Досқалиев Жас Ұландықтарды ұйымға қабылдануымен құттықтап, еліміздің болашағы- білімді жастардың қолында, - екендігін баса айтып, шығармашылық табыстар тіледі. Салтанатты  жиынға қатынасушы қонақтар ұйымға қабылданған Жас Ұландықтарды  құттықтап, ұстаздардың  артқан сенімдерін ақтайтын, Тәуелсіз  қазақ елінің  туын көкке көтерер азамат  болып қалыптасатындықтарына  сенімдерін білдірді. «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымы  қатарына қабылдау – рухани – адамгершілік  және патриоттық   тәрбие беруде маңызы зор шара болды.

 

Мектеп тәлімгері:              М.Мырзағалиева