24 қаңтар күні №4 мектеп кітапханасында «Мектеп кітапханаларында көпшілік жұмыстарды жаңаша әдіс-тәсілдермен ұйымдастыру» атты мектеп кітапханашыларының аудандық семинары болып өтті. Семинарға аудан мектеп кітапханашылары, білім бөлімінің әдіскері І.Жақсылыққызы бастап келді.
Мақсаты: Кітапхана қызметінде оқушылармен жүргізілетін көпшілік шараларда қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану, зияткерлік шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқу мәдениетін көтеріп жаңашылдыққа тәрбиелеу.
Семинарда жоспар бойынша №2 мектеп кітапхана меңгерушісі А.Мырзабаева «Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама» атты слайдпен Атырау зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесін көрсетіп, кітап мұқабасы арқылы өлең шығару практикалық жұмысын жүргізді. №1 мектеп кітапхана меңгерушісі З.Нұрхасанова Кітапхана оқырмандарының ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында «Әдеби джем» интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Мектебіміздің кітапханашылары Т.Бисенғалиева, Ж.Хамзина «Жаңғырудың жаңа жолы – кітапханада» бенефис-шоу өткізді. Шоудың басты кейіпкері ардагер мектеп кітапханашысы болған Г.Нұржанова және ардагер ұстаздар О.Балтоғаева, С.Жәнекешова, С.Шарғабаева, А.Күзекеновалар қонаққа шақырылды. Шоуда зейнеткер өмірінен слайд жасалып, оқушыларға таныстырылды. Шоу барысында әр мектептен жиналған кітапханашылар сандық технология дамыған уақытта кітапхана жұмысын қалай ұйымдастыру керек, баланы кітап оқуға қызықтырып, үгіттейтін жобалар айтылды.
Зейнеткерлерге арналып мектеп көркем-өнерпаздар үйірмесінің мүшелері күмбірлете күй тартса, бірі мың бұрала би билеп, әсем ән шырқалып, семинарға қатысушы кітапханашыларға арналып жас ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Семинарды қорытындылай келе аудандық білім бөлімі әдіскері І.Қарабаева және іс-шараға қатысушы қонақтар, мектеп оқу тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Каримова семинар жайында жақсы пікірлерін білдіріп, өз тәжірибелеріне құнды идеяларын алғандарын, тәжірибе алмасқандарын айтып, ұйымдастырушы кітапханашыларға өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
https://4mektep-zhylyoi.edu.kz/kz/zhanaly-tar/136-seminar-mektep-kitapkhanalarynda-k-pshilik-zh-mystardy-zha-asha-dis-t-sildermen-jymdastyru.html#sigFreeId2ca11d9083












