№4 М Әуезов атындағы мектепте жасөспірім қыздар жүктілігінің алдын алуға бағытталған гинеколог мамандармен кездесу болып өтті. «Денсаулық -зор байлық» тақырыбында өткізілген кездесуге 8-11 сыныптың 88 қыз балалары қатынасты. Кездесу қонақтары – Аудандық емхананың гинеколог дәрігері Мерубаева Жамал Еркінжанқызы. Аудандық әйелдер емханасының отбасын жоспарлау кабинетінің жауапты психолог маманы Естебаева Алтынгүл Қалабайқызы.


Кездесу мақсаты: Елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу, қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа зияны қаншалықты екенін түсіндіру, ерте жүктіліктің зардабы, қыз бала тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңестер беру.


Кездесу барысында аудандық емхананың отбасын жоспарлау кабинетінің жауапты психолог- маманы Естебаева Алтынгүл Қалабайқызы слайд, видеоролииктер арқылы қыз балаларға психологиялық тұрғыдан ерте жүктіліктің зардабы туралы түсіндіріп өтті. Генеколог дәрігер Мерубаева Жамал Еркінжанқызы қыздар гигиенасы, қыз балалардың болашағына ерте жүктіліктің зардабы туралы ашық әңгіме жүргізді. Мектеп дәрігері Б.Қамысбаева, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары аталған мәселелер бойынша, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді.                       

Мектеп оқушыларына кеш қонақтарына сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар алды. Аталған шараның қыз балалар тәрбиесінде алар маңызы зор.


Жалғанды фото:

 

 

                Мектеп директоры:                                   С.Кабдрахманова