Хабарлама

 

 

21.01-25.01.2019 күні аралығында «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты апталық өтті. Апталықта өткізілетін ашық сабақтар мен ашық шаралар, қорытынды кештердің жоспарлары  жасақталып, бекітілді.Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ұйымшылдықпен ашық сабақтар мен шараларды өткізді.

 

21 – нші қаңтар күні апталықтың ашылуы өтіп, бірлестік жетекшісі М.Т.Жанакбаева оқушыларды жоспардағы өтілетін ашық сабақтар мен шаралардың, үзіліс арасында өткізілетін сергіту сәттерімен  таныстырды.

 

21 қаңтар күні  7 «Б» сыныбында Ғаламтордың пайдасы мен зияны, 7 «А» сыныбында Ғаламтор кітаптай болмайды, 6 «А» сыныбында Жұбан Молдағалиевтің  Мен – қазақпын , 11 «А» сыныбында Сайын Мұратбековтің  Жусан иісі, 7 «Ә»сыныбында  Бала қиялы  атты ашық сабақтар өз деңгейінде өтті.Ашық сабаққа сынып оқушылары белсенділікпен қатынасты.

 

Апта ішінде 5-8 сыныптар аралығында  «Тіл- ұлттың жаны» атты эссе жазудан байқау өтті. Байқау нәтижесінде 5-6 сынып оқушыларының ойларының ұшқырлығы байқалды.Үзіліс арасында «Мақал-сөздің мәйегі» , «Сөз сыры», «Көңілді қоңырау» атты ойын түрлері, ширату жұмыстары жүргізілді.Апта соңында «Нарынның наркескені - Нұралы ақын!» атты  ақын шығармашылығына арналған қорытынды кеш өтті.Кеште ақынның  өмірі мен шығармашылығы туралы  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Әнесова таныстырып өтті және мектеп кітапханасына ақынның өлеңдер жинағын тарту етті.Кеште ақынның жүрек жарды өлеңдері оқылып, ақынға арналған естеліктер мен әндер орындалды. Мектебіміздің 11 «А» сынып оқушысы  Үбіғалиева Айнұр өзінің  қорғаған ғылыми жобасы туралы да айтып кетті.Ғылыми  жобада қысқаша ақынның өмір жолы мен өлеңдерінің шығу тарихы, әлі де алдағы уақытта ақынның өлеңдерінің зерттелу керектігі айтылды. Кеш соңы күмбірлеген күй мен әнге ұласты.

 

 

Бірлестік жетекшісі:                          М.Т.Жанакбаева