Қараша айының 25-29 аралығында өткен «Спорт-денсаулық кепілі»тақырыбында аралас  ӘБ    пәндерінің апталығы өтті. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру. Оқушылырды спортқа ынталандырып,салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Апталықтың барысында мұғалімдер ұйымдастырылған іс-шаралар заман талабына сай өтті. Соның ішінде спорттық сайыстар,кештер,ашық сабақтар,сыныптан тыс іс-шаралар. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді ,онда Е.Төлепов апталықта болатын іс-шаралардың өтілу барысымен таныстырып,оқушылардың белсене араласуын сұрап апталықты ашты. Сонымен қатар жиынға жиналған оқушылармен спорттық жаттығулар жасалып,гір көтеруден жарыс өткізілді. Апталық аясында өткізілген «Ас-адамның арқауы»жәрмеңкесі оқушылыр үшін қызыққа толы болды.

Апталық барысында өткен ашық сабақтар: Дене тәрбиесі пәнінен Сәрсенбаев.Ш  .6б сыныбында «Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу»,БӘД пәнінен Берекетов.М.10ә сыныбында «Калашник автоматын атуға дайындау», Дене тәрбиесі пәнінен Қосымбаева.Н.6а сыныбында «Гимнастикалық элементтер кешені», Дене тәрбиесі пәнінен Сакипова.Г. 5б сыныбында «Гимнастикалық жиынтық негізін құру», Дене тәрбиесі пәнінен Тенелбаев.Б. 5в сыныбында «Қазақтың ұлттық ойындары», Дене тәрбиесі пәнінен Төлепов.Е. 8ә сыныбында «Еркін ритметикалық гимнастика жаттығулары », Дене тәрбиесі пәнінен Жасмағанбетов.Қ. 8а сыныбында  «Еркін ритметикалық гимнастика жаттығулары», Технология пәнінен Мақсотова.Н. 8ә сыныбында «Дизайн және технология», Технология пәнінен Сисенғалиева.Ә. 7 ә сыныбында «Батикке нобай орындау. Материалдар мен құралдар дайындау», Музыка пәнінен Омарова.Ж. 6а сыныбында «Рок-н-ролл» тақырыбында ашық сабақтарды өткізді.

Апталық барасында өткен ашық сабақтар оқушылардың логикалық ақыл-ойын,сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен білім беру жүйесінің жаңа әдіс-тәсілдері арқылы жоспарланды. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып,сабаққа қызығушылығын оятып,оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отырады. Пән мұғалімдері оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып оқушыларға тең серіктес болып,бірге жұмыс жасап,оларға сеніммен қарап,өз ойын ашық айтуға,сөйлеуге қолдау көрсетіп отырды.

Апталық барасында өткен ашық іс-шаралар: Пән мұғалімдері  Сәрсенбаев.Ш,Жасмағамбетов.Қ ,Төлепов.Е. Қосымбаева.Н,Сакипова.Г, Тенелбаев.Б, «Шахмат пен тоғызқұмалақ»жарысы, «Теннис пен дойбы» жарысы, « Волейболдан жолдастық кездесу.»Ұстаздармен оқушылар арасындағы, Сисенғалиева А. «Ас адамның арқауы» жәрмеңкесі, «Көңілді старт» тақырыбында  ашық іс-шаралар, спорттық сайыстар, жәрмеңкелер өткізді.

Аталған іс-шаралар  танымдық-дамыту қалыпта өткізілді,мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін,логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды  пайдаланды,ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін ,тапқырлықтарын  көрсетіп,қосымша  да білім алды.

Апталықтың соңғы күні өткізілген іс-шаралардың қорытындысы шығарылып,барлық өткен іс –шаралар легі Фейсбук,инстаграм желісіндегі №4 М.Әуезов атындағы орта мектеп парақшасына салынып отырды. Белсенділік танытқан оқушылар мен әр түрлі сайысқа қатысып,жеңімпаз болған оқушыларды марапаттаумен жабылды.