20 .01. 2020 ж. - 25.01.  2020 ж.  аралығында   «English  is  fun!» тақырыбында  шетел  тілі апталығы болып өтті.Апталықтың  мақсаты  жаңартылған мазмұнда  сабақ  беру  арқылы  оқушылардың  тілге  деген  қызығушылығымен  ынтасын арттыру.Апталықтың  алғашқы  күнінен  бастап  мектеп  фойэсін  заманауи  ағылшын  тілінде көрнекіліктермен  безендірілді.

 

20 қаңтар  күні «Food  and  drink » тақырыбында  жас мұғалім Жұмабекова  Айзада 6 «ә»  сыныбында ашық  сабақ  өткізді.Айзада сабағында  тақырыпқа  сай  мәтінмен жұмыс жасатып,ауызекі сөйлеуге арналған жаттығулар жасатты.Сабақ  ортасында жаңа  сөздікпен үйлестірген сергіту  жаттығулары ұтымды болды.Оқушылар толық сабаққа  қызыға белсенді араласты.Сабақ мақсатына жетті.

 

22 қаңтар  күні «Films and stories » тақырыбында Жанар Рамазанова 5 «а» сыныбында  ашық  сабақ көрсетті.Сабақтың мақсаты ағылшын  тілін өнермен байланыстыра отырып  үйрету.Жанар сабағын кинотеатрға саяхат жасауға  шақыру арқылы өткізді.Оқушылар  грамматикалық  жаттығу  жасау  арқылы кинотеатрға билет сатып  алды.Олар  «Менің атым Қожа» фильмін  ағылшын тілінде көріп,сол  филімге  толық  талдау жасады.Оқушылардың  сабақты  өте  жақсы меңгергені кері байланыс жасаған кезде көрінді.Сабақ  мақсатына жетті.

 

22 қаңтар  күні «Expressing  preferences and recommending» тақырыбында Бөлдірбаева  Айна  8 «ә» сыныбында  ашық  сабақ  көрсетті.Сабақтың  мақсаты оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету.Грамматикалық тақырыбы Conditional Sentence ке жаттығу жасатты. «Алпамыс жырын» ағылшын тілінде тыңдап, сұрақтарға жауап берді.Сабақ  мақсатына  жетті.

 

23 қаңтар күні «Buying  tickets» тақырыбында 7 «ә» сыныбында Оразалиева  Мәншүк  ашық  тәрбие  сағатын  көрсетті.Сабақтың  мақсаты оқушыларға  БАҚ  тақырыбында жаңа  сөздер мен ақпараттарды оқушыларға үйрету.Оқушылар   ұсынылған  филімді  шет  тілінде  еркін  әңгімелеп  берді.Кері байланыс  арқылы  оқушылардың тақырыпты  толық  меңгергені байқалды. Сабақ  толық  мақсатына  жетіп,оқушылар  өз  белсенділіктерін  көрсете білді.

 

23 қаңтар күні «Notable of English  language» тақырыбында Бораншиева  Нұрайна  5 ші  сынып  оқушылары  арасында  сыныптан тыс шара өткізді.Шараға  қатысушы  оқушылар 7 бөлімнен тұратын  тапсырманы  орындады.Тапсырмалар  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне сай  құрылған. Оқушылар  қызығушылықпен  шараға  қатысты. Сайыста  жеңімпаз  команда мараппаталды.Ашық шара мақсатына жетті.

 

24 қаңтар күні «Music»  тақырыбында Шакиева Данагүл 3 «б»  сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың  мақсаты: «саn» модуль  етістігін   қабілет пен  сұраныс түріндегі сөйлемде қолдана  алуға  дағдыландыру .Данагүл сабағын  видеодағы музыкалық  аспаптар мұражайына апару  арқылы ашты.Оқушылар  тақырыптқа  сай  сөздіктерді  толық  меңгерген. Музыкалық  жұмбақ  шешу, дыбыстау  арқылы әуенді табу  өте  қызықты  өтті. Сабақ мақсатына жетті.

 

25 қаңтар күні «In the world of fairy tales»  тақырыбында апталықтың  жабылуына  орта  буын  оқушылары  ертегі сайысын  әзірледі.Оқушылар  өте  жақсы  дайындықпен келген.Ертегі  сай  киінген  оқушылар  өзерінің  қойылымдарымен көрермендерді қызықтыра білді.Кеш  соңында  ең  үздік ертегілер мараппатталды.

Және  де  апталық  кезінде  бастауыш  сынып  пен  орта  буын  оқушылары  үшін  үзіліс  кезінде  тренингтер  мен  ойындар  өткізілді.