№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте физика және информатика пәндері апталығының  өтілуі туралы

7.10-11.10.2019 күні аралығында «Білімді ұрпақ – ел болашағы» атты апталық өтті. Апталықта өткізілетін ашық сабақтар мен ашық шаралар, қорытынды кештердің жоспарлары  жасақталып, бекітілді. Физика және информатика пәндерінің мұғалімдері ұйымшылдықпен ашық сабақтар мен шараларды өткізді.

7 – нші қазан күні апталықтың ашылуы өтіп, бірлестік жетекшісі Ж.Шотова оқушыларды жоспардағы өтілетін ашық сабақтар мен шаралардың, үзіліс арасында өткізілетін сергіту сәттерімен  таныстырды.

9 қазан күні  7 «Ә» сыныбында,информатика пәнінен Ж.Шотованың- «Вирусқа қарсы қауіпсіздік» тақырыбында,8 «Ә» сыныбында,информатика пәнінен М.Сарсенованың «Компьютер пайдаланудың кері аспектілері» тақырыбында,11 «А» сыныбында,физика пәнінен А.Досмұханованың «Электродинамика тарауына есептер шығару» және информатика пәнінен А.Уразгалиеваның 6 «А» сыныбында, «Сымсыз желілер» тақырыбында,физика пәнінен А.Шегированың «Механикалық қоғалыстар»   атты ашық сабақтар өз деңгейінде өтті.Ашық сабақтарда мұғалімдер психологиялық жағымды ахуалдар орнатып,ақпараттық технологиялар құралын пайдаланып,сабақ арасында заманауи смартфон арқылы ойналатын ойындарды қолданды және де  сынып оқушылары белсенділікпен қатынасты.

Бірлестік жетекшісі:                          Ж.Шотова