2019-2020 оқу жылының 9 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында 1-2 сыныптардың
әдістемелік бірлестігі бойынша «Бастамасы білімнің Бастауыштан басталған» атты
апталықтың өткізілуі туралы
2019-2020 оқу жылының 9 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында 1-2 сыныптардың әдістемелік бірлестігі бойынша «Бастамасы білімнің Бастауыштан басталған» атты апталық болып өтті.
Бірлестік бойынша 1 «А» (Жантурина Р) , «Ә» (Ермекова О), 1 «Б» (Молдағалиева Н), 1 «В» (Орынбасарова А) және 2 «А» (Добыхова Н.), 2 «Ә» (Тәжіханова З.), 2 «Б» Аманғалиева А.), 2«В» (Амандосова Н.) сыныптары бар.
Апталыққа арнайы жоспар құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша ашық сабақтар мен ашық пәндік шаралар, үзіліс кезіндегі танымдық тапсырмалар қойылды.
1-2 сыныптар бойынша сынып жетекшілеріне қойылған ашық сабақтар белгіленген уақытта өткізілді. 1 «А» Жантурина Р (10.12) сауат ашудан «Кк дыбысы мен әрпі», 1 «Ә» Ермекова О. (12.12) математикадан «Заңдылықтар», 1 «Б» Молдағалиева Н. (11.12) сауат ашудан «Үдыбысы мен әрпі», 1 «В» Орынбасарова А (12.12) сауат ашудан «Үдыбысы мен әрпі», 2 «А» Добыхова Н. (10.12) қазақ тілінен «Лепті сөйлем», 2 «Б» Аманғалиева А. (12.12) әдебиеттік оқудан «Туған тілім», 2 «В» Амандосова Н.(13.12) әдебиеттік оқудан «Кімнің мекені жақсы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
Апталық жоспары бойынша пәндік шаралар да өткізілді.
1 «А» сыныбы (13.12) «Талаптыға нұр жауар» сайысы сынып жетекшісі Жантурина Р.,1 «Ә» сыныбы (13.12.) «Білімді мыңды жығар» шарасы сынып жетекшісі Ермекова О., 1 «Б» сыныбы (11.12) «Біз білімді балдырған» сайысы сынып жетекшісі Молдағалиева Н., 1 «В» сыныбы (12.12) «Талаптыға нұр жауар» шарасы сынып жетекшісі Орынбасарова А., 2 «А» сыныбы (12.12) «Білім керек бәріне » сайысы сынып жетекшісі Добыхова Н., 2 «Б» сыныбы (12.12) «Шығайық білім шыңына» шарасы сынып жетекшісі Аманғалиева А, 2 «В» сыныбы (11.12) «Сынып дарабозы» шарасы сынып жетекшісі Амандосова Н. Апталық бойынша қойылған шаралар мен сайыстар белгіленген мерзімінде өткізілді.
Үзіліс кезіндегі танымдық тапсырмаларға жауапты мұғалімдер өз жұмыстарын тиянақты өткізді. «Шынықсаң шымыр боларсың» тақырыбында көңілді бой жазу жаттығуларын апта бойы сынып жетекшілер . өткізді. Добыхова Н.мен Ермекова О. математика пәнінен көңілді тапсырмалар сайысын, Молдағалиева Н. қазақ тілі пәнінен көңілді тапсырмалар сайысын өте тамаша өткізді. Сонымен қатар Жантурина Р мен Аманғалиева А. 1-2 сынып оқушылары арасында суреттер туындыларынан «Ертегілер елінде» атты көрме ұйымдастырды. Орынбасарова А мен ,Амандосова Н «Ойнайық та, ойлайық!» атты сөзжұмбақтар, ребустар шешуден жарыс өткізді.
3 желтоқсан күні 2 сыныптар арасында «Біз – тәуелсіз ел тірегіміз» атты қорытынды танымдық және интеллектуалдық кеш өткізілді. 1 сыныптың өнерлі оқушылары кеште өз өнерлерін ортаға салды. Бірлестік отырысында апталықтың жүргізілуі талданып, талқыланды. Ермекова О, Молдағалиева Н. сабақтары «Үлгілі сабақ» деп танылды. Добыхова Н, Аманғалиева А. өткізген пәндік шаралары «Тамаша» деп бағаланды. Апталық жоғары деңгейде өткендігі айтылды.
Бірлестік жетекшісі: А.Аманғалиева
https://4mektep-zhylyoi.edu.kz/kz/zhanaly-tar/176-bastamasy-bilimni-bastauyshtan-bastal-an-atty-aptaly-ty-tkizilui-turaly.html#sigFreeId3c63e1d8e8












