17 ақпанда  үзілісте апталықтың ашылуы болды. Ахметова С және Смагулова Ардақ «Сиқырлы қобдиша» атты викториналық сұрақтар қойды.

Мақсаты математикаға оқушылардың қызығушылығын арттыру.Түстен кейінгі кезекте  Хазиқызы Т «Қызықты математика» атты логикалық сұрақтар қою арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, белсенделігін арттыру болды. 18 ақпан 6 сыныптар арасында «Математикалық турнир» сыныптан тыс шара болды.19 ақпан күні  9 «а» сыныбында Балжігітова М «Қосу формулалары» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ өз деңгейінде керемет өтті. «Қысқаша көбейту формулалары» тақырыбында  7 «а» сынып пән мұғалімі Ахметова С ашық сабағы болып өтті. Сынып оқушылары сабаққа белсенділікпен қатысты.Сабақ өте жақсы өтті. 5 «б» сынып. Пән мұғалімі Хазиқызы Т еңбек жолын енді бастап жатқан жас маман болса да ашық сабағы өте керемет деңгейде өтті. Сабақ тақырыбы «Ондық бөлшектерге амалдар қолдану» 21 ақпан күні  «Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары» 8 «ә» сынып пән мұғалімі Смагулова А ашық сабақ өз деңгейінде жаңартылған мазмұнда өте жақсы өтті.«Математика – өмір сүру формуласы» атты қорытынды кешпен апталығымыз қорытындыланды.