11.11 - 15.11.2019 жыл аралығында  өтетін «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің апталығының жұмыс жоспары

2019-2020 оқу жылы

Жұмыс мазмұны

Сыныбы

Уақыты

Жауапты

І

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылуы

 

11.11.2019ж

Мұқанғалиева М

Жанақбаева М

ІІ

Ашық сабақтар

1

Мамандық таңдау - маңызды іс

8 «а»

13.11.2019ж

Мырзағалиева Р

2

Ұлы адамдар достығы

7 «а»

13.11.2019ж

Мұқанғалиева М

3

Төрт түлік

5 «а»

14.11.2019ж

Жанақбаева М

4

Астана - сәулет өнерінің туындысы

6 «а»

15.11.2019ж

Төлегенова Ж

ІІІ

Ашық шаралар

1

«Өлең - сөздің патшасы...».

Мектепішілік Абай оқуларынан эстафета

5-9-

сыныптар

Апта ішінде

Пән мұғалімдері

2

Көркем сөз көркем ойды кестелеген.... (Эссе жазу)

7-11 сыныптар

Апта ішінде

Мырзағалиева Р

Мұқанғалиева М

3

«Сөз зергері - Абай Құнанбаев» (Кітап көрмесі)

5-11 сыныптар

Апта ішінде

 

Кітапханашы

Т.Бисенғалиева

4

«Көркем сөз-көрікті ойдың жемісі» (Абай қарасөздерінен сайыс)

5-10 сыныптар

Апта ішінде

 

Жанақбаева М

Төлегенова Ж

5

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»  (Ақынның 175 жылдығына арналған пәндік қорытынды кеш)

7-11 сынып

15.11.2019ж

Мырзағалиева М

Қаратаева Г

ІV

Апталықты қорытындылау.

 

5-11

сыныптар

15.11.2019 ж

Бірлестік жетекшісі

 

 

№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте

11.11-15.11.2019 жыл аралығында  өткен «Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері

бірлестігі апталығының өтілуі туралы

 

ХАБАРЛАМА

 

2019-2020 оқу жылында  қараша айының 11-і мен 15-і аралығында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің апталығы болып өтті. Апталықтың  мектепішілік жұмыс жоспары жасақталып, жоспарға сай жұмыс жүргізілді.

Апталықта істелген бірқатар шараларға тоқталайық. Қарашаның 11-і күні үлкен үзілісте апталықтың ашылуы өтіп, онда қазақ тілі пәні бірлестік жетекшісі М.Мұқанғалиева апталықтың жоспарымен таныстырды. Және  апталық тақырыбын қазақтың бас ақыны - Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай сәйкестендіріп алынғанын айта кетті.

Апта ішінде жоспарға сәйкес ашық сабақтар өткізілді, атап айтар болсақ: 8"а" сыныбында 13.11. күні Р.Мырзағалиеваның "Мамандық таңдау - маңызды іс" және 7 "а" сыныбында М.Мұқанғалиеваның "Ұлы адамдар достығы" атты ашық сабақтары жоғары дәрежеде өтті. Сабақта оқушылардың белсенділігі жоғары болып, өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Қарашаның 14-і күні М.Жанақбаеваның 5 "а" сыныбына өткізген "Төрт түлік" атты ашық сабағында оқушылардың қызығушылығы жоғары болып, сабақ өте тартымды өтті. Қарашаның 15-і күні Ж.Төлегенованың 6"а" сыныбында өткізген "Астана - сәулет өнерінің туындысы " атты ашық сабағы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята білді.  Өтілген ашық сабақтардың қорытынды сараптау сәтінде мұғалімдердің жетістіктері мен кемшін тұстары ескертіліп айтылды. 

Апта бойы үзіліс кезінде 5-11-сынып оқушылары арасында «Өлең - сөздің патшасы...» атты Абай оқуларынан эстафета ұйымдастырылып, белсене қатысқан оқушылар саны күннен-күнге арта түсті.  Апта ішінде М.Мұқанғалиева мен Р.Мырзағалиеваның ұйымдастыруымен  «Көркем сөз көркем ойды кестелеген.... » атты 7-11-сынып оқушылары арасында эссе жазудан шығармашылық жұмыс жүргізілді. Онда оқушылар сөз саптау шеберліктерімен танылып, ойларын көркемдеп, жүйелі жеткізе білген.

Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Т.Бисенғалиева «Сөз зергері - Абай Құнанбаев» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, Абай атамыз туралы оқушыларға керекті қызықты да құнды мәліметтермен таныстырды. Әсіресе 5-7-сынып оқушыларының қызығушылықтары жоғары болды. Пән мұғалімдері Жанақбаева Мерует пен Төлегенова Жадыра бірлесе отырып, «Көркем сөз-көрікті ойдың жемісі» деген атпен Абай қарасөздерін жатқа мәнерлеп оқудан 5-10-сынып оқушылары арасында сайыс өткізіп, үздік деп танылған оқушылар апталықтың қорытынды кешіне жолдама алды.

Аптаның соңында яғни, 15-ші қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы ұлы Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай  «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты қорытынды кешімен аяқталды. Қорытынды кеште ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу ретінде викториналық сұрақтар қойылып, мектебіміздің "Тарлан" драма үйірмесі мүшелерінің қатысуымен Құнанбай мен Абай арасындағы көріністен үзінді көрсетілді. Сондай-ақ аудандық, облыстық жыр-термешілер сайысының жүлдегері, 9-сынып оқушысы - Уәлиев Елнар ақынның "Торы жорға" күйін өз бетімен нотаға салып орындап, көрермен алғысына бөленсе, 9-сынып оқушысы - Төлемісова Нұрайна "Желсіз түнде жарық ай" әнін сызылта салып, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды.  Кеш соңында сөз алған мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Г.Н.Каримова қорытынды кеш те, апталық та өз дәрежесінде өтілді деп түйінделді.       

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестік жетекшісі: М.Мұқанғалиева