№4 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте 18-21 желтоқсан 2019 ж аралығында химия-биология бірлестігінің апталығы өтті.
18.12.2019 ж апталықтың ашылу салтанаты болды. 18 желтоқсанда 8 «ә» сыныбында А.Сабытаеваның «Жүрек-қан тамырлар аурулары» ашық сабағы, 18 желтоқсанда 9 «ә» сыныбында М.Әділованың «Алюминий және оның қосылыстары» ашық сабағы, 20 желтоқсанда 8 «а» сыныбында Г.Өткелбаеваның «Оттектің алынуы» сабағы өтті.
19 желтоқсанда 6а,ә,б-сыныптарымен А.Сабытаева «Қызықты ғылым», 20 желтоқсанда 8 «ә» сыныбымен М.Әділова «Брейн-ринг» ойынын өткізді. 19 желтоқсан 7-сыныптармен Г.Өткелбаева «Химия-өмір,нұр шашқан көңіл» ашық шарасы өтсе, 20 желтоқсанда 8-10 сыныптармен «Жаратылыстану ғажайыптары» атты апталықтың жабылу кеші өтті. Химия-биология апталығын жоспар бойынша мезгілінде өткізіліп, мектепішілік «Ең үздік апталық -2019» номинациясымен марапатталды.Мектепішілік, аудандық, облыстық сайыстарға көптеген оқушыларымыз қатысып, барлығы да жақсы табыстармен оралды. Химия-биология апталыгын жоғары дәрежеде өткіздік деп есептеймін. Сабытаева Айжанның «Жүрек-қан тамырлар аурулары» ашық сабағы, 8 «ә» сыныбына өткізген өте үлгілі сабақ болды. Г.Өткелбаева «Химия-өмір,нұр шашқан көңіл» ашық шарасы жастарға үлгі боларлық деп бағалаймын. Г.Қаратаеваның «Жаратылыстану ғажайыптары» апталықтың жабылу кеші өте керемет өтті және химия-биология пәндерінен көрме ұйымдастырылды,үлгілі дәптерлер марапатталды. Жаңа оқу жылында да жоспарға сай жұмыс істеп, тағы да мол жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.
Бірлестік жетекшісі: М.Әділова
https://4mektep-zhylyoi.edu.kz/kz/zhanaly-tar/172-khimiya-biologiya-birlestigini-aptaly-y-tti.html#sigFreeId05e1b7d533












