Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Осыған орай, орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы негізінде 2019-2020 оқу жылындағы №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тамақтандырды ұйымдастыру саласын бақылайтын комиссия құрамы бекітілді. Комиссия құрамы айына бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын тексеріп мониторинг жүргізіп келеді. Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бракераждық және тамақтандырудың сапасына монирниг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы бекітілді:
- С.Кабдрахманова - комиссия төрайымы
- Н.Табылганова – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- М.Оразалиева – кәсіподақ төрайымы
- Г.С.Қаратаева – әлеуметтік педагог
- Б.Қамысбаева – мектеп мейірбикесі
- А.Кенжебекова – ата-ана комитетінің төрайымы
- Н.Иниргалиева – бала құқығын қорғау инспекторы
Сондай-ақ жоспарға сәйкес асханадағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуымен сапасын қадағалау мақсатында комиссия мүшелері айына 1 рет рейдке шығып тұрады.
№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептегі аз қамтылған отбасы балаларына берілетін тегін ыстық тамақпен қамтылудағы сапасы
Хабарламашы:Г.Каратаева
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Осыған орай, орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы негізінде 2019-2020 оқу жылындағы №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тамақтандырдуы ұйымдастыру саласын бақылайтын комиссия құрамы бекітілді.
Әлеуметтік жағдайына сәйкес тегін ыстық тамақпен қамтылып отырған барлық бала саны – 333 оқушы. Оның ішінде бастауыш сынып бойынша – 323 оқушы, 5-11 сынып бойынша 10 оқушы.
Оқушылар 2 кезекте тамақтанады, асхана мектептің 1-ші қатарында орналасқан. Асханада 3 қызметкер жұмыс жасайды. Асхана тамақтану залы, дайындық цехы, ыдыстар жуу бөлмесі, құрғақ өнімдер мен көкөністерді сақтайтын қоймадан және қызметкерлерге арналған санитарлық талаптарға сай бөлмеден тұрады.
Сондай-ақ жоспарға сәйкес асханадағы ыстық тамақтың ұйымдастырылуы мен сапасын қадағалау мақсатында комиссия мүшелері жиі-жиі рейдке шығып тұрады.












