Апталық өту барысында оқушылардың жаңа білім алып, жан -жақты дамуына көптеген ашық сабақтар мен шаралар ұйымдастырылды.
26 ақпанда 8б сыныбында өткен "Культура питания" тақырыбында мұғалімі Г.Ермекбаева, 6 а сыныбында өткен "Язык,великолепный наш язык" Р.Кенебаева ашық сабақтары жоғары деңгейде өтті.
27 ақпанда 1б сыныбында "Сказка Репка"А.Қалиева,28 ақпанда 4 а сыныбында "По страницам Красной книги" Л.Саргожиеваның ашық сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып сыни тұрғыдан ойлау әдісі ұтымды пайдаланды. Оқушылар өз пікірлерін еркін айтып білдірді.
5-8 сынып оқушыларының орыс тілін білуге қызығушылығын арттыру мақсатында "Подскажи словечко!", 7а,ә,б сынып оқушылар арасында " Конкурс знатоков русского языка" сабақтан тыс шаралар өте тартымды өтті.
Апталықтың қорытынды кеші "В человеке все должно быть прекрасно" дайындаған Р. Кенебаева 5-11 сынып оқушыларының арасында Чехов шығармаларынан үзінді қойылымдар көрсетіліп, оқушылардың артистік шеберлігі, жақсы мәнерлеп оқуы көрермендердің үлкен ризашылығына бөленді. Жалпы апталық өте жоғары деңгейде өтіліп, пән мұғалімдері барлық шара сабақтарды жақсы ұйымдастыра білді.












