№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте өткізілген «Аяулы жеңге, ару қыз» сайысының өткізілуі туралы.

9-11 сынып қыз балаларының «Әйгерім» қыздар клубы бекітілген жоспар бойынша «Аяулы жеңге, ару қыз» сайысын өткізді.

Шараның мақсаты: оқушыларға адамгершілік асыл қасиеттерді қастерлеуге, рухани білімін байытуға баулу. Отбасы тәрбиесін нығайту, жеңге мен қайынсіңілі арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту. Отанын, тілін, қазақ салт-дәстүрді құрметтей білуге, туыстық қатынасты, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу шараға ата-аналар, «Әйгерім» қыздар клубы мүшелері, мектеп кітапханасының оқырмандары, сынып жетекшілері қатынасты. Шараға 7 қыз 7 жеңгесімен қатынасты. Сайыс шарттары төмендегідей кезеңдерден тұрды:

  1. Таныстыру.
  2. Өнерлі өрге жүзер.
  3. Ситуациялық сұрақтар.
  4. Қыздар сұлу көрінер бұрашымен.
  5. Қолөнер-дәстүр жалғастығы.
  6. «Сөз зергері – Абай Құнанбаев» кітап көрмесі, библиофреш.

Сайыскерлер байқауға өте жоғары деңгейде дайындалған. Қатысушылардың дайындалған таныстырулары өте тартымды, жинақы дайындалғандары көрініп тұрды. «Өнерлі өрге жүзер» бөлімінде қайынсіңілі мен жеңгелерінің бірі ән шырқаса, бірі би билеп, бірі күмбірлете күй шертті. Ситуациялық сұрақтар, қолөнер бөлімі, шаш ару сайыстарында белсенділік танытты.

Сайысты қорытылындай келе мектеп басшылары және іс-шараға қатысушы қонақтар, мектеп тәрбие ісі меңгерушісі Н.Табылганова сайыс жөнінде жақсы пікірлерін білдіріп, аяулы жеңгелеріне уақыттарын бөліп келгендеріне рахмет айтып, өсірген ұл-қыздарынызды рахатын көру үшін ұзақ өмір тілеймін деді.

Сайыскерлерге дипломдармен, сыйлықтар табыс етілді.